Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  88


Автор: Тортай Сәдуақас

Көктемді күтіп....

Көктемді күтіп күн батып, қанша таң атты!
Жетесің қашан, келмейсің неге, кептерім?
Келді де нәубет байғұсты жерге қаратты:
Аштық пен жоқтық, қайғы-мұң жайлап алапты,
Елшің бе келген, көктемім?
Мамыр да келді!
Күлкі жоқ бірақ көңілде:
Көктемнің айы көңілсіз неге басталды?
Егіс те өріс көріксіз сұрқай өңірде,
Қозғалып ауыр қорғасын бұлттар көгінде,
Құрсаулап алған аспанды.
Балалар болса мерт болып дерттен көптеген,
Аласа тамда ыңырсып күйіп-жанады;
Қырылып малдар көтерем, көкке жетпеген,
Қылтанақ қалмай таусылған шақта шөп деген,
Сулар да сыңсып ағады.
«Құрыдық! – дейді үрейі ұшып бәрінің, –
Жұт деген жеті ағайын болып келер, – деп,
Пандар кеп тағы салмасын әлек, тәңірім!»
Шаруалар жүрер ойлары – алаң, жаны – мұң,
Шыққанша көктем елеңдеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу