Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  78


Автор: Тортай Сәдуақас

Қара жер...

Қара жер қайран, күшіңді берші телегей,
Жер – ана, қуат бере гөр,
Осынау күшпен күресте сынды елемей,
Нық тұрсын десең мен егер!
Нұрыңды берші – жайната түскен жанымды,
Тазартқан сезім, санамды;
Жүрекке шексіз махаббат берген жалынды,
Сүюге барлық адамды!
Отыңды берші, жалындай ыстық сөзбенен, –
Серпіліп жүрек бұлқынған;
Шындықты жақтап, жалғанға әсте төзбеген,
Талап бер талмай ұмтылған!
Ойлар бер ізгі құлашты еркін серметкен,
Жалғанды талқан қылатын!
Құлшынып мен де етейін еңбек, еңбекпен, –
Табылар барлық мұратым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу