Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  94


Автор: Нұрлан Оразалин

ЖАБЫРҚАУ

Күндерiм көп тау суындай тасыған,
түндерiм көп жабыққан да жасыған.
Өзекте – өрт, жанған iш,
өткен өмiр – аққан су,
ойлап соны ашынам,
толғап соны басылам…
Мида…
Жанда…
Жүректе де жоқ тыным
(Тепкiлейдi оңашада тектi мұң).
Көңiл – арсыз…
Тiршiлiгiң тағы арсыз,
арсыз-мұңсыз,
ойсыз-қамсыз
өтiп жатыр көп күнiң,
өтiп жатыр көп түнiң…
Арман құсын ерте үркiтiп тоғайдан,
аз тiрлiктiң алдауына «тоғайған» –
кезiмдi ойлап ашынамын,
төзiмдi ойлап басыламын…
Бiрақ…
Бiрақ…
Түйiн аз
көкейдегi
құлыншақа көп ойдан.
маусым, 1987 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу