Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  81


Автор: Абдрахман Асылбек

Қойшы

Біздің жігіт байдың қойын бағатын,
Малдың басы кенет кеми бастады.
Сасып сонда Савва тым,
Мұң мен шердің басқаны;
Көзінде оның жас тұрды,
Сөз таратты көрдім деп зор Қасқырды.
Қойды тартып, жимады ол айылын,
Кез келді енді қамданар.
«Нәрсе емес, – қоштады жұрт, – таңданар,
Қасқырдан еш күтіп болмас қайырым», –
Деп, Қасқырды қырғаны,
Бірақ, ұрлық тынбады.
Ал, Савваның үзілмеді ет асынан:
(Ол қылмысты аспаз еді бұрыннан,
Із жасырып, малға келіп тығылған,
Еттің дәмін білетұғын басынан).
Қасқырды жұрт қарғап-сілеп іздеді,
Алайда, оның көрінбеді іздері.
Тоқта, достар, бұларың Қасқырға бос жала ғой,
Қой жеп жүрген Савва ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу