Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  86


Автор: Абдрахман Асылбек

Бүркіт пен құрт

Биік талдың бұтағына жабысып,
Тербетіліп тұрды Құрт.
Жүрген Бүркіт одан-дағы әрі ұшып,
Жоғарыдан мазақ етіп күлді күрт:
Ей, бейшара, түсіп сонша азапқа,
Тырбанып бір жеткен жерің осы-ақ па?
Уақытша тұрғаныңмен желпініп,
Құрисың-ау ұшарыңды жел біліп».
«Жеңіл күлдің шамалы, –
Деді Құрт та, – сен ұшасың жоғары,
Болғаннан соң аса мықты қанатың,
Маған ондай мүмкіншілік тиіп пе?
Тұрмын, бірақ, биікте
Қасиетіммен тез жабыса қалатын».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу