Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  268


Автор: Абдрахман Асылбек

Тиін

Арыстанға қызмет етті бір.
Басқаларға қалайлығын білмеймін,
Артық айтсам, бұл сөзіме күл, мейлің,
Арыстанның көңлін табу қиын-ды.
Үйіп-төгіп бермек болды ол жаңғақты.
Бірақ та, бұл уәдесі бос қалып,
Тиін байқұс кей күндері аш қалып,
Жасын төгіп талай рет зар қақты.
Ал, достары еркін сайран салады
Ағаштардың басында.
Жеймін десе қасында –
Жаңғақтарды қалауынша шағады.
Біздің Тиін жаңғаққа аттап баспайды,
Керек десең – бас қайғы,
Арыстанның қас-қабағын бағады.
Сөйтіп жүріп ақырында қартайды,
Жалықты одан, Арыстан да шалқайды.
Тыныс беріп Тиінға,
Жіберді оған біраз жаңғақ сыйын да.
Жаудыраған жаңғақтар тым көп еді,
Шаға берсін, жетер анық талайға.
Сол Тиінның алайда,
Тістері енді жоқ еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу