Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  183


Автор: Абдрахман Асылбек

Шаруа мен ат

Бір Шаруа сұлы екті,
Мұны көрген жас Ат бір
Міңгірледі бұған талдау жасап бір:
«Қанша сұлы сепкен түріп білекті!
Естуші едім ақылды деп Адамды.
Жерді жыртып боршалап,
Ластандырып соншама,
Сұлысын ол босқа шашып тастаған,
Берсе еді ғой маған яки басқаға.
Тауықтарға яки шашып тастаса,
Барлығы да болар еді басқаша.
Тығып қойса немесе, дер едік қой сараңдық,
Текке шашып тастады – барып тұрған надандық».
Күз болғанда Шаруа егінжайын шапты орып,
Атын бақты ақыры сол сұлыны сап беріп.
* * *
О, оқушым, сенем бұған күмәнсіз,
Аттың ойын қолдамайтын шығарсыз.
Ертеден-ақ, тіпті осы заманда
Кейбір топас надандар,
Тағдыр жайлы бұлаңсыз
Жүр емес пе көпіріп,
Алдағысын өзі білмей отырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу