Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  70


Автор: Абдрахман Асылбек

Келімсек

Біреулер бар. Жақсылап бір таныссаң,
Сен ол үшін жазушы да, данышпан.
Біреулер бар тағы бір,
Қанша шырқа, бәрібір,
Ондайлардан мақтау күтіп дәметпе,
Үрке қашып, түседі тек әлекке.
Мүмкін, мұным ренішті болар да,
Бұл мысалды арнадым мен соларға.
* * *
Шіркеудегі молда бір
(Платонның мұрагері ол да бір)
Келгендерге ақыл айтты орынды,
Тілі тәтті, көңілдерге қонымды.
Таза шындық, сөзінің жоқ жалғаны,
Әр біреуі алтындай.
Сезіп, біліп болашақты алдағы,
Лепіреді көк төсіне жақындай.
Болды бір кез айтып шешен ақылын,
Тыңдаушылар емес әлі қозғалар.
Жеңдерімен сүртіп жатыр ақырын
Келіп қалған ыстық жасты көзге олар.
Шыққан кезде шешен Тәңір үйінен:
«Неткен дарын жұғымды! –
Тыңдаушылар деді қатты сүйіне, –
Тілі қандай ұғымды!
Жақсылыққа бастайды елдің тілегін,
Уа, көршім, тас-ау сенің жүрегің,
Жылай қойсаң кетер еді жасқа нең?
Қалдың ба әлде ұғынбай?»
«Түсінбейтін қасқа ма ем,
Не етем жылап босқа мен:
Басқа елден кеп жүр едім».


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу