Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  120


Автор: Абдрахман Асылбек

Қасқыр мен тышқан

Дүрліктіріп отарды,
Қасқыр қойды бір түкпірге апарды.
Қонаққа емес, белгілі:
Қой терісін сыпырды да қомағай,
Жей бастады оны оңай,
Сүйектерін сықырлатып сол күйі.
Қанша мешкей болса да, тауса алмады барлығын,
Жатып қалды кешке сақтап қалдығын;
Түскі асқа тойған еді тершігіп.
Жақын жүрген көршісі –
Тышқанды исі қызықтырып тәтті еттің,
Шөп-шаламды тасалап кеп кірді де,
Еттің шағын бір бөлегін ілді де,
Ініне тез ап кетті.
Зор іс санап құны бір,
Әккі қасқыр алаңдап,
Шу көтеріп табанда,
Айқай салды: «Қараңдар!
Ұстаңдар ұрыны,
Тонады, құрыдым!»
Қаланың да осындай көрген едім қылығын:
Климыч соттың ұры ұрлап сағатын:
«Қарауыл!» – деп ұрыға айқай салатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу