Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  86


Автор: Абдрахман Асылбек

Бұлбұлдар

Тұзақ құрып аңшы бір,
Ұстап алды Бұлбұлдарды әнші кіл.
Торда олар сағынышпен сайрады,
Тоғайларын естеріне ап қайдағы.
Тәтті әуен шығар ма екен торда да?
Амалсыздан шырқады олар зорлана,
Төгіп қайғы-мұңдарын.
Іштерінде бір Бұлбұлдың азабы
Ауыр еді тым қалың:
Серігі өліп, күңгірт тартқан ажары.
Ең қиыны – отырғаны қамала,
Жасын сығып, қадалады далаға.
Күні-түні қамықты,
Және ойлады: «Қайғымен іс бітпейді, анық бұл,
Мұндайда ессіз сенеді көз жасына,
Ақылдылар асыға,
Жол іздейді жеңістерге бастайтын;
Жетті уақыт мұңды серпіп тастайтын.
Ауламаған шығар бізді ет үшін,
Қожамыздың әнге ауған неті шын.
Олай болса, көңлін оның табайын,
Құйқылжыта түрлі әуенге салайын,
Сонда мені жіберер кең бақшаға», –
Деп ойлап ол әнге басты не мықты:
Тынбады еш ағарып таң атса да,
Жырлады кеп қызарып күн батса да.
Кәне, сонда не бітті?
Тағдырын тек қиындатты, түнерді.
Салғандарын жаман ән
Қожайыны торларынан қамаған
Ұшырды да жіберді.
Ал, бейшара Бұлбұлды
Төккен сайын түрлі үнді,
Күнін қараң, мұң қылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу