👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  33


Автор: Абдрахман Асылбек

Жабайы ешкілер

Малшы қыста тауып ап ешкілерді жабайы,
Айтты алғысын Тәңірге, ашылып жан сарайы:
«Өте жақсы, – деді ол, – керегі жоқ қойманың,
Енді екі есе көбейеді қойларым.
Тоймаса да тамағым,
Сүйкімді осы Ешкілерді бағамын.
Мырза атанып, жүрем елде шіреніп,
Малшыға мал, маған керек иелік.
Салым жияр мен үшін,
Ірімшік, май мол болар.
Және олардың сыпырамын терісін,
Жем-шөп жағы... тек қиыны сол болар;
Қысқа жетер малшының бар жем-шөбі!»
Енді өзінің малының жемін тасып қонаққа,
Сылап-сипап тамақтан,
Күн сайын ол жүз рет барып жүрді ол кемі,
Жабайыны үйретуге асығып.
Өз малына жемдерді
Анағұрлым кем берді,
Өйткені, олар кете қоймас асылы;
Шөпке ұмтылып, жақындаса маңырап,
Шыбықпенен айдап шықты дабырап,
Көрінбе деп көзіме.
Бірақ, көктем жеткенде күн жылынып,
Бар жабайы Ешкілер қашып кетті безіне,
Таусыз өмір мұңлы екенін ұғынып.
Арып бітті өз малдары,
Сойып алды қалғанын.
Малшы қалды таяқпен,
Қыс қысады, әй, әттең!
Байимын деп жүрсе-дағы көңілді.
* * *
Малшы! Енді сөзімді ұғар бол, қасқа:
Ешкілерге қор қылғанша жеміңді,
Өз малыңды күйлі ұстасаң болмас па?


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы