Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  127


Автор: Абдрахман Асылбек

Шыбын мен ара

Бақ ішінде, көктем келген заматта,
Бір жіңішке сабақта
Тұрған Шыбын тербеліп,
Көріп гүлден Араның нәр тергенін,
Былай деді. «Сонша неге жетесің?
Күні бойы тынбай еңбек етесің!
Ал, мен сөйтсем, бір күнде азып кетер ем.
Өміріме қарап ал –
Жұмақпенен барабар:
Жиі барам өте мен
Қонаққа да, балға да.
Мақтан емес, қаладағы әр үйдің
Бай-мырзасын танимын:
Сонда мені көрсең еді сәл ғана!
Туған күн бе, әлде үйлену тойы ма –
Бірінші боп барам да,
Бас қоямын неше түрлі тағамға,
Хрустальмен шарап та ішем тойына.
Қонақтардың бәрінен
Бұрынырақ татам астың дәмінен.
Бәрінен де рахатты қой мына:
Айналақтап сұлуларды ең анық,
Отырамын демалып,
Қонып әппақ бетіне де, мойнына»,
«Мұның бәрін білемін ғой, – деді Ара, –
Сүйкімді деп сені ешкім ойлар ма?
Кесепатсың ең арам,
Тыржияр жұрт сені көрсе тойларда.
Мазасын ап қақсаң да қай қақпаны,
Сені қуып жатқаны».
«Қуа берсін, – деді Шыбын, – есіктен,
Қайта кірем екінші бір тесіктен».


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу