Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  121


Автор: Абдрахман Асылбек

Түлкі мен есек

«Қайдан жүрсің, қалқан құлақ ақылдым?» –
Түлкі Есекке сұрақ қойды ақырын.
«Арыстандай батырдың
Қор болғанын көріп келе жатырмын:
Ақырғанда ол, аңдар шошып самғайтын,
Менде де ес қалмайтын,
Жеп қоярдай репетсіз со неме.
Ал, бүгінде жоқ айбыны, түк күші,
Жатыр інде бүк түсіп,
Секілді бір домаланған бөрене.
Сенемісің, аң біткен
Қорықпайтын болып алған, ал тіптен,
Кек қайтарып, білгендерін істейді!
Әркім барып, Арыстанды көзінше,
Өзінше
Сүзеді де, тістейді....»
«Арыстанға сен не істедің, құрметтім?» –
Түлкі қойды сұрақты.
«Мә! – деді Есек жиып қойып ұятты, –
Неден қорқам, қасқайта кеп бір тептім,
Көрсін күшін тұяқтың!»
Атақты боп, елді билеп сұрасаң,
Әлсіз жандар бетке тіктеп келе алмас.
Ал, биіктен құласаң,
Көресіні солардан күт ең алғаш.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу