Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  105


Автор: Абдрахман Асылбек

Емен түбіндегі шошқа

Шошқа Еменнің түбінде
Жаңғағын жеп, тойып алды асқа бір.
Тынығып ап ұйқылы-ояу күйінде,
Көзін ашып қасқа бұл,
Тұмсығымен Еменнің түбін қаза бастады.
«Тиер түбі зардабы, –
Деді Қарға талдағы, –
Ағаш қурап қалмай ма, ашылған соң тамыры?»
«Мейлі, – деді Шошқа оған, –
Менің үшін бәрібір,
Қиналмаймын босқа оған.
Мәңгі қурап қалса да, түспес маған салмағы,
Семіремін соны жеп, болса болды жаңғағы».
«Жақсылықты білмейтін сұм! – деді Емен, –
Жоғарыға көз тастасаң, шерменде,
Жаңғақтардың сен менде
Өсетінін көрер ең».
* * *
Кейбір надан жырынды
Сөгер білім-ғылымды.
Сол ғылымның жемісін
Жеп жатса да, түсінбейді оны шын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу