Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  106


Автор: Абдрахман Асылбек

Қойлар мен иттер

Әйтеуір бір отарда
Қасқыр жөнсіз салмасын деп ойранды,
Қорадағы қорғасын деп Қойларды,
Иттің санын арттырды тез қатарда.
Рас, Қойлар Қасқырлардан құтылды,
Бірақ, Иттер жалақтатып тілдерін,
Алдыменен жұлды Қойдың жүндерін,
Содан кейін терілерін сыпырды.
Ақырында төрт-бес тірі жүргенін
Түгелдей жеп бітірді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу