Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  328


Автор: Абдрахман Асылбек

Ара мен шыбындар

Екі Шыбын қамданды ұшуға алыс елдерге,
Бірге ұш деп Араны да шақырды.
Тоты олрға сол жерде
Сырттай мақтап жырақты, бастарын да қатырды.
Шынында да аянышты жай еді:
Өз елінде бұларды
Қуып есін шығарды;
Тіпті бар ғой (ұялса адам қайтеді,
Ақымағы – ол үйдің):
Дәмі шырын тағамдарды сордырмай,
Дастарқанға қондырмай,
Шынылармен бетін бүркеп қориды,
Ал, лашықта өрмекшілер ториды.
«Жолың болсын, – деді Ара ілмектеп, –
Ал, маған
Өз жерімнен артық мекен болмаған.
Балыммен-ақ бөленгем зор құрметке –
Мейлі, кете беріңдер, ілеспеймін дүрмекке,
Болмасаңдар пайдалы еш жерге де,
Жақпайсыңдар елге де.
Қуанып тек өрмекшілер онда да,
Күтіп тұрар тор ғана.
Өз жерінде пайдалы еңбек еткендер
Елін тастап кеткен бе?
Пайдалы іс істеп сірә көрмеген,
Басқа жаққа барғысы кеп тұрады.
Бар жерде де жексұрын ғой ол деген,
Ондайларға кім қошемет қылады?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу