Өлеңдер ✍️

  22.03.2022
  127


Автор: Абдрахман Асылбек

Айна мен маймыл

Маймыл өзін көрді-дағы айнадан,
Аяғымен түртіп қалып жай ғана:
«Қара анаған, – деді Аюға, – айнам-ау!
Тұрмын тіпті таңдана:
Қандай жаман қылқы, түрі, тасыры!
Өлер едім асылып,
Мен осыған ұқсар болсам сәл ғана.
Шынын айтсам, ал енді,
Мұндай қисық бес-алты жақындарым бар еді,
Саусақпенен санап та бере аламын дәл енді!
«Туысыңды санайсың, дос, несіне?
Одан-дағы қарасаңшы өзіңе» –
Деп Қорбаңбай нықтады
Маймыл, бірақ оның мәнін ұқпады.
* * *
Ондай жандар болғанымен мол, мейлі,
Ешкім өзін мысалдан танығысы келмейді.
Кеше ондайды көрдім де:
Климычка парахор айтса досы ақылын,
Ұялмастан иек қағып ақырын,
Петр жақты нұсқап отыр ол мүлде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу