Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  92


Автор: Абдрахман Асылбек

Жапырақтар мен тамырлар

Тұрғанда күн ысынып,
Жерге сая түсіріп,
Сыбдырады Жапырақтар талдағы,
Сыр шертісіп самалменен шамалы.
Мынау еді айтқандары сондағы:
«Сәндендіріп тұрмыз байтақ даланы.
Бұйра талдар жұрт қызыға қарасқан
Мына бізбен жарасқан,
Біз болмасақ не етер еді ағаштар?
Біз мақтансақ, оның да орны бар шығар,
Паналап кеп малшылар,
Сая тапқан жолаушылар қанша бір.
Біз емес пе ерекше бір сәнменен
Қыздардың да аударатын аңсарын.
Бұлбұл-дағы бізге келіп таңменен,
Тербетеді әнменен.
Самал соны аңдайды,
Ол да бізден қалмайды».
«Біздерге де алғыс айта білсін де ел», –
Жер астынан осындай бір шықты үн:
«Тым дөрекі, тым әдепсіз тіпті бұл,
Соншалықты кімсіңдер
Күдіктеніп тұрған біздер туралы?» –
Жапырақтар осылайша шулады.
«Біздерміз, –
Деп үн қатты, – мұндағы,
Қараңғыда тұрағымыз, білсеңіз.
Ағаштардың тамырымыз нәр берген,
Өздеріңе сән берген,
Сондықтан да жайнайсыңдар белдерде!
Айырмамыз мынау ғана ел көрген:
Көктейсіңдер көктем қайта келгенде.
Ал, Тамырлар семгенде,
Қурайсыңдар сендер де».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу