Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  218


Автор: Тортай Сәдуақас

АБЫЛАЙ ХАН МЕН АТАЛЫҚ

Жан-жақтан қалың дұшпан қаусырғанда,
Боз үйге жау жебесі шаншылғанда;
Ел ауған жаугершілік замандарда,
Қазақтың аттанысы таусылған ба?!.
Ер ғаріп – кеудесіне шер толмаса,
Би ғаріп – айтқаны елге ем болмаса;
Ел ғаріп – толағайдай ұл тумаса,
Хан ғаріп – қолдайтұғын ел болмаса?!.
Хан сайлау – ел дәстүрі ол қашаннан,
Мұратқа жету қайда, болмаса арман?
Тас түйін жұдырыққа айналды жұрт, –
Хан сайлап Абылайды, жолға салған!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу