Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  367


Автор: Тортай Сәдуақас

«ӘЗ ЖӘНІБЕК» ПЕН АҚЖОЛ БИ

(Қазақ хандығының 550 жылдығына, тарихи-аңыз ізімен)
Арбаған бірін – дәулет, бірін – мансап,
Азғындап арсыз хандар құбылған сәт:
Тайғандай тұғырынан Алтынорда, –
Ел іші «Алатайдай» бүлінген шақ?!.
Алаштың аппақ туы жығылған сәт,
Қырсыққа Дешті-Қыпшақ ұрынған шақ:
Билікті басып алып Әбілқайыр, –
Мәңгірген мәңгілік бір ғұмырды аңсап?!.
Дау-дамай, лаңның ізі шұбырған сәт,
Қадірін ел болудың ұғынған шақ:
Қазақтың қамын жеумен кемеңгерлер, –
Кең дала жатты жаңа дүбірді аңсап!..
Аз ба еді тура жолдан бұлтарғандар,
Ел қамын ерте ойлады шын тарландар...
Бас қосты би, батырлар,
ортасында, –
Керей мен Жәнібектей сұлтандар бар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу