Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  381


Автор: Тортай Сәдуақас

ӨРІК ПЕН ТЕРЕК

(Бақытжан Қанапияновтан)
Өрік ерте гүлдеді,
жапырақ жайған жоқ демек.
Көкірек керген көк терек,
әлденеге өкпелеп:
– Суық ұрып күні ертең, үсіп қалар гүл-өркен, –
 деді өрікке, – ел үшін,
шықпас тәтті жемісің.
Қызғылт-күлгін гүлдерімен құлпырып,
өрік іштей тұр тынып.
Үсік жүрді бір күні:
Өрік айтты өмірге бар ынтығы:
– Бәйтерегім – зор шынар, сенікі де жөн шығар?
Жемісімді бәлкім адам татпайды,
бірақ есте сақтайды:
Менің гүлім жұпар етіп бөктерді,
Әкелді ерте көктемді!
Адамдарға шуақ пенен от берді,
Қалтыратқан қыстан олар өтті енді...
Бәйтерек құр төнеді,
тыңдайтұғын шамасы да жоқ еді:
Қауырт шаққа қала берді ол бас ұрып,
айналаға ақ мамығы шашылып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу