Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  116


Автор: Тортай Сәдуақас

ЖАНҒАЛ БАТЫР ЖӘНЕ ЖАНҒАЛОВТАР

Ғұмырын кешірген ер ынсаптының,
Бөлісіп өткен елдің мұң-шаттығын,
Атажұрт – Хан ауылы, Жамантұзда, –
Бойында жатыр батыр Қылшақтының!
Жекжат көп Жамантұзда – сол маңайда,
Тезекбай құда болған ер Қанайға5:
Әжеміз, Мыңжасар бай қызы – Ақмарал, –
Толықсып жүзі ұқсаған толған айға.
Жанғал ер – жалын болып лапылдаған,
Жауына найзағай боп шатырлаған!
Алаш деп айбалтасын айға білеп, –
Еңіреп ел деп өткен батыр бабам!
208
Досқа – кең, дұшпанына болып өктем,
Хан-қара, толған дәйім төрі көппен:
«Ошбайлап!», «Әйтімбет!» деп атой салып,
Мал-жанын туған елдің қорып өткен.
Бүгінгі ел біледі тек Жанғаловты...
Аталар абзалын дәл аңғарыпты:
Хан Кене қатар жүріп, қатар қонған, –
Жанғалдың мәрттігіне таң қалыпты!..
Асыл ер алтын ерлі, күміс тұрман,
Бас болып ел мен елді ұғыстырған;
Оның да алдында бар ата үлгісі, –
Атабай, Қанай, Ораз, Рысқұлдан!
Ақырып ата аруағын шақыра алған,
Кенде емес кейінгі ұрпақ ақыл, ардан.
Жаңғыртып ер есімін Қанай елі, –
Ұрпаққа Жанғал батыр аты қалған!..
Сол ерлер көзі бүгін – Сартай, Баян,
Жүзінен ел деп жүріп әр таймаған;
Тай басса ат тұяғын топты жарып, –
Ел бар ма ерін көріп марқаймаған.
«Оқ жонар – ата көрген», ол да сыйлы,
Ер болсаң елге жаның сонда ашиды.
Ту ұстап туған ел деп туса азамат, –
Аруағы аталардың қолдаса игі!..
5
Жанғалдың баласы Тезекбай би ұлы Қуанышбайға Қанай бидің белгілі ұрпағы Мыңжасар бидің қызын әперген. Кенесары хан қоныс аударарда қазіргі Жамантұз жерінде, Бағыс, Әйтімбет әулетінің ЖанғалЖәдігер ауылында мейман болып, мәжіліс құрған. Әттең бұл ел мен ердіңақтық қоштасуы еді... Абылай хан тұсындағы белгілі батыр-билердің
бүгінгі ұрпақтары – Сартай Қожахметов, Баян Жанғаловтар осы өлкеден шыққан ардақты елағалары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу