Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  419


Автор: Тортай Сәдуақас

ТҮРКІСТАН

Түркістан – елге тірек болған аймақ,
Қойнауы толған мұра, толған айғақ.
Бұл жерде ел қорыған ерлер өткен:
Кеудеде намыс-жігер, қолда – байрақ!..
Ерлікке куә болған ғасыр мұнда,
Бірлігім барда жатқа бас ұрдым ба:
Есімде – Есім ханның ескі жолы,
Қасымда – қасқа жолы Қасымның да!..
Ержүрек сол халықтың ұрпағы мен,
Оянған бейбіт күннің нұр таңымен;
Түркістан түгендеген түркі әлемін,
Әйгілі болған Әзірет Сұлтанымен!..
Түркістан – түп-тамырым, бұлағымдай,
Түркістан түмен баптың тұрағындай.
Түркістан – тұғырындай елдігімнің,
Табылмас құтты мекен, сірә мұндай?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу