Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  87


Автор: Тортай Сәдуақас

ҚАРСАҚБАЙДЫҢ ҚАС БАТЫРЫ

Өндіріс басшысы, құрметті металлург
Қадер Мәткеновке
Шығармай «кенші» деген мақсатты ойдан,
Бағыңды таптың іздеп Қарсақпайдан:
Ел үшін қайрат қылмай ер жігітке, –
Келеді абырой мен мансап қайдан?!
Жеңілге, лауазымға ұмтылмастан,
Ерінбей еңбек еттің бір тынбастан:
Шыңдалған шар болаттай мыс қазанда,
Шынайы ғұмырың бар – бір тың дастан!
Толықсып ойда – мақсат, қолда – күшің,
Өзіңмен ел дәулеті толғаны шын;
Күш салдың «Едігедей ел қамын жеп»,
Намысын Қарсақпайдың қорғау үшін!..
Атқарып өндірістің қиын ісін,
Көп болды қол жеткізген сүйінішің:
Көкшенің аласармас шыңындайсың,
Мұқалмас Ұлытаудың биігісің!
Тер төктің гүлденсін деп тамаша Отан,
Болады ел әр ісіңе балаша таң:
Айналдың бір құтына Қарсақбайдың,
Сияқты Ерден, Бабыр, Алашахан!..
 Сабақтап Қаныш жолын – алтын тұғыр,
Жеткіздің зор табысқа халқыңды бұл;
Жақсы ісің жас өркенмен жалғасады, –
Ұрпаққа ұлағат боп жарқын ғұмыр!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу