Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  98


Автор: Тортай Сәдуақас

О, Оксана

О, Оксана, Оксана! Бейуаз сезiм, пәк сана;
Назымды ұғып бақ-сәнә, Қайтiп тiлiң тапсам, ә?!
О, Оксана, Оксана! Қиылып тiл қатса да;
Сыр ашпайсың басқаға, Күлесiң құр сақ-сақ, ә?!
О, Оксана, Оксана! Адам сәнi ақша ма?
Гүлгүлiм бол бақшада, – Шырыныңнан татсам, ә?!
О, Оксана, Оксана! Сыр айтамын жасқана;
Жори көрме басқаға, Ұят болды-ау, масқара?!
О, Оксана, Оксана! Жанарыңмен жасқама;
Iңкәр көңiл – масхана, Басты ұрған тау-тасқа да!
О, Оксана, Оксана! Сенбеймiсiң расқа да?
Жылы жауап қатса да, Жiбiмейтiн тас қана!
О, Оксана, Оксана! Сөзiм жерге тастама;
Қу, қыздар-ай, жас бала, – Қуанбай ма тапса аға?!
О, Оксана, Оксана! «Әй» деп көңiл патшаға,
Әмiр етер жоқ шара, – «Қой,– де өлеңге, – қақсама?!»
О, Оксана, Оксана! Менi өзiңе жақ сана;
Тiлейтiнiм бақ, сана, – Бол адал жар, жақсы ана!..
Беу, Оксана, Оксана!
 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу