Өлеңдер ✍️

  18.03.2022
  180


Автор: Тортай Сәдуақас

АДАМҒА БАҚЫТ СЫЙЛАҒАН

Жанды көрсең жадау тартып, мұң басқан,
Жақын келiп жан досыңдай сырласқан;
Абзал жандар, дәрігерлер, өздерiң, –
Адам үшін өбек қаққан тынбастан.
Заман заулап, өзгерсе де бұл уақыт,
Тұрасыңдар дайым адал тiл қатып.
Дәрiңмен де, жаныңмен де дем берiп,
Әр адамға сыйлайсыңдар бiр бақыт!
Демеп жанды үмiтпенен қараған,
Өздерiңнің бауырыңдай әр адам.
Көздерiңнен мол мейірім сезiлiп,
Көңiлiңнен шапағат нұр тараған.
Бiр қиындық түссе адамның басына,
Алдыменен сен келесiң қасына.
Аялайсың алақанға салғандай,
Ардақтайсың жан мерейін асыра.
Ие болып құрметке де, сенімге,
Мол қуаныш қондырасың көңiлге:
Тiршiлiктi сыйласа ана сәбиге,
Бақыт гүлiн ұсындың сен өмiрге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу