Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  102


Автор: Абдрахман Асылбек

Қаздар

Ұп-ұзын бір шыбықпен
Базарға айдап шықты Мұжық Қаздарды.
Шынын айтсам, жазған бұл
Сықпыртты-ай кеп жүнін жұлып түбіттей.
Бара жатты Мұжық шындап асығып,
(Пайда жайлы ойлағанда алайда,
Қаздар түгіл адамыңа қарай ма?)
Айыптаман асылы.
Қаздар оны өздерінше талдады,
Ұшыраған Жолаушыға жолдағы
Былайынша зарлады:
«Бізден өткен сорлы Қаздар болмады.
Қожайнымыз тырқырата қуады,
Біздерді тек жай Қаздар деп ұғады.
Қайдан білсін, оқымаған сорлы да,
Әуел бастан ардақты ғой атамыз;
Азаптайды құрметтеудің орнына,
Римді жаудан құтқарған Қаздарға біз жатамыз.
Онда тіпті, той жасаған оларға!»
«Ал, сендерде бір ерлік іс болар ма?» –
Деп сұрады Жолаушы. «Біздің ата»... «Білемін,
Оқығанмын, бірақ менің тілегім –
Не істедіңдер тиімді?»
«Арғы атамыз құтқарған ғой Римді!»
«Ал, өздерің не тындырдыңдар өзге бір?»
«Түк те емес!» «Істерің жоқ сапалы.
Ал, атаны қозғамаңдар кезде бұл,
Ерлігіне сай болған ғой атағы,
Қуырдаққа жарайсыңдар өздерің».
* * *
Мысал мәнін бұдан да ашып берер ек,
Қаздарды тек қаңқылдатып не керек?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу