Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  142


Автор: Абдрахман Асылбек

Есек пен бұлбұл

Есек көріп Бұлбұлды,
Былай деді: «Достым, сөзді тыңдашы,
Сені әнге шебер дейді, шын ба осы?
Қойып барлық құлқымды,
Құлағыммен естіп салған әніңді,
Білсем деп ем бейіміңді, әліңді».
Бұлбұл сонда өнеріне салып бір,
Құйқылжытты анық бір:
Мың түрлі әуен таратылып қайдағы,
Кейде кетті үн талып бір.
Кейде нәзік сыбызғыша сайрады,
Кейде нұрдай шашырады айдағы.
Барлығы ұйып бабында,
Құлақ түрді таң жыршысы әніне:
Тына қалды жел де, құстар әні де,
Жатты тыңдап табын да.
Малшы-дағы демін тартып жайлады,
Тек кейде бір қас қағымда
Кемпіріне күле қарап жайнады.
Әнші бітті. Есек біраз толғана:
«Кәдімгідей дауыс, – деді, – бұл дау ма?
Болады екен жалықпай-ақ тыңдауға.
Өкініші сол ғана –
Әтешпенен сәл ғана
Таныс болып, тыңдағанда өлеңін,
Аз да болса артар еді өнерің».
Бұлбұл сондай естіген соң шатпа сын,
Ұшып кетті алыс бұрып ат басын.
* * *
Құдай мұндай сыншылардан сақтасын!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу