Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  139


Автор: Абдрахман Асылбек

Бақа мен өгіз

Шалшық суда көре қалып Өгізді,
Теңескісі келді онымен Бақаның.
Іштар еді негізі,
Ісіп-кепті шығаруға атағын:.
«Қара, құрбым, Өгіздей боп қалдым ба?»
«Қайдағы Өгіз, жетуге оған алыс тым!».
«Қарашы енді, қаншалықты толыстым?
Өспеді ме қарным да?».
«Тұрсың әлі сол кішкентай қалпыңда»,
Бақа Өгіздей боламын деп ышқынып.
Кере беріп қарынды,
Тарс етті де жарылды,
Өлді ақыры іс тынып.
* * *
Мұндай мысал аз емес-ау білгенге:
Кейбіреуді есер желік үргенде,
Нағыз мықты боламын деп жүргенде,
Сорлап қалар бір демде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу