Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  107


Автор: Абдрахман Асылбек

Қарға мен тауық

Смоленск князі
Айласына болып өзі разы,
Тұзақ құрып сан түрлі,
Мәскеуді жау қолына қалдырды.
Үлкен-кіші, бар тұрғыны қаланың
Шулай көшіп жатты анық,
Шыққандай боп топтанып,
Ұясынан араның.
Қарап тұрды Қарға асықпай бұл жайға,
Тұмсығымен қасынып.
«Ал, құдағи, сен де ұшарсың мұндайда, –
Деді Тауық асығып, –
Жау кеп қапты жайратар,
Сорпамызды қайнатар».
«Сөз болып па осың да, –
Деді Қарға, – қала берем осында.
Сіңлің сірә сойқаныңнан қорқа ма?
Қарғаны ешкім қайнатпайды сорпаға.
Тіпті, олармен тіл табысып кетермін,
Бұйырғанын қаужап, талшық етермін.
Сүйек-саяқ, ірімшік те табылар,
Жолың болсын, жағдайым жоқ жабығыр», –
Қарға солай сайрады.
Ашыққан қу қарай ма?
Жалмай берді іліккенін алайда,
Қарға-дағы сорпа болып қайнады.
* * *
Кей адамдар ессіз соқыр Қарғадай,
Бақыт іздеп жүрген кезде жұлынып,
Аяқасты сүрініп,
Соры қайнар аңдамай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу