Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  113


Автор: Нұрлан Оразалин

ЖАҢА ЖЫЛ ТҮНI

Ей, менiң ақша қарларым,
ең сұлу түнiм,
сырғалы бау-бақшаларым,
көгiлдiр әлем,
ақ түбiт шәлi жамылған,
ақ торғынға малынған!
Қайдасың, қане, кел ендi,
зулаған ақ боз аттайын,
ағылтып бiр сәт,
сағынтып бiр сәт өлеңдi,
аңсауға толы шақтайын.
Дүние-жаһан
бiр жасқа толған сәтте әсем,
ендiктерiмде борап ән,
қайдасың,
мүлгiп жатпа сен,
қуаныштар менi ораған…
Кезiңдер сайран бағымды,
шашыңа байлап сағымды,
билеңдер, ойхой, шулатып
базарлы жастық шағымды.
Курант та әне,
қоңырауыменен тiл қатты.
Шампандар – фонтан атқанда –
аспанға мынау,
 
жаңа Айға туған сымбатты,
адамдарыңа қымбатты
тыныштық,
бақыт тiлеңдер
ақын жүректi ақ таңда!..
қаңтар, 1976 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу