17.03.2022
  153


Автор: Нұрлан Оразалин

IНIГЕ ТIЛЕК

Бақытжанға
Тағдырдың тәлкегiне сенбесең де,
Дүние тарлығына көнбесең де,
Өзiң бiл!
Өзiң таңда өз жолыңды!
Қаншама биiктерге өрлесең де...
Өтiнем!
Мансап деген төрге сенбе,
Сенбе!
Сенбе!
Алмаған асуыңа – өрге сенбе,
баспаған аяғыңмен жерге сенбе,
ұмытпа достың барын, жаудың барын,
беймезгiл безектеген шерге сенбе!
Шындыққа сен!
Өзгеге...
Сенбе!
Сенбе!
Басы бүтiн олжа алып көрмесең де.
Шырылда!
Шындық үшiн араша бол:
Тоңсаң да...
Торықсаң да...
Шөлдесең де...
Бәрiн де таразыла!
 
Сезiн...
Бiлгiн...
Қажет пе?
Естi! Тоқы Сөзiн гүлдiң!
Отқа түс. Шындық үшiн өртенбейсiң.
Тағдырын құдай түзер төзiмдi ұлдың...
Өзiң бiл!
Қалған жайды өзiң бiлгiн.
Өгейлеу өртi қалың белге сенбе,
қоғалы, қамысы мол көлге сенбе,
өтiрiк мақтағансып орға жығар
аярлау айбыны жоқ елге сенбе!
Өтiнем:
Сенбе!
Сенбе!
Шырылда!
Шындық үшiн араша түс:
Жабығып, жаурасаң да,
шөлдесең де...
мамыр, 1975 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу