Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  159


Автор: Нұрлан Оразалин

Кетемiн ертең...

Кетемiн ертең,
ауылдан ертең кетем мен,
жүгiм жоқ ауыр көтерген.
Қоштасып үнсiз таулармен,
сезiммен шәлкес от өрген.
Бөктерiп алып
қуанышым мен мұңымды,
жалғыз тал жүгiм – жырымды;
сүйместен алау ернiңнен,
сипамай қара бұрымды...
Кетемiн ертең,
сағыныш сазын арқалап,
соңымда қалып шартарап,
жел сүйiп қайыс маңдайды,
шарфымды қымтай, шалқалап...
Тоқтатпа менi!
Айналған ұлып қораны,
тоқтамас дала бораны.
Қала бер сен де мұңаймай,
шәлiңе шаңқай оранып.
қаңтар, 1969 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу