Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  140


Автор: Абдрахман Асылбек

Бұл өмірде көремін деп көп қызық

Бұл өмірде көремін деп көп қызық,
Алыппын ғой уақытты өткізіп.
Азды-көпті жазғаныммен тірлікте
Айта алдым ба ойларымды жеткізіп.
Алайда, мен асынып та тасынып,
Айтқан емен Алла алдында асылық.
Азды-көпті жазғанымды ел білсе,
Оны ешкім өшіре алмас жасырып.
Мадақтасам қырдың қызыл қырмызын –
Сүйгендігім сұлулардың нұр жүзін.
Әнге айналып жатса кейбір сөздерім –
Ол да менің Алла берген ырзығым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу