Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  360


Автор: Абдрахман Асылбек

Отан

О, менің қасиетті ұлы Отаным,
Атады арайланып құба таңың.
Ерекше сезімменен ерте тұрып,
Сергуді самалыңмен ұнатамын.
О, менің қасиетті ұлы Отаным,
Жанымды жайлауыңмен жұбатамын.
Аралап аңызақты алқабыңды,
Ағалар жайлап жайып жүр отарын.
О, менің қасиетті ұлы Отаным,
Қияннан көз тартады құба талың.
Тәкаппар тауларыңа шығып тұрып,
Тоғанын арманымның құлатамын.
О, менің қасиетті ұлы Отаным,
Қастерлеп басын қосқан мың атаның.
Мәңгілік мызғымайтын қорған болып,
Артады өзіңменен қуат-әлім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу