Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  146


Автор: Абдрахман Асылбек

Жадыратып жанымды...

Жадыратып жанымды сазы алыстан,
Көлдеріңнен көңілді қаз әні ұшқан,
Өркен жайған, өскелең, өмірлі елім,
Қадірменді, кең дарқан Қазақстан.
Алтын дәнмен аптаған аңғарыңды,
Жаратамын жалынды жандарыңды.
Еңбек үні ерекше күйге бөлер
Тамылжыған тұп-тұнық таңдарыңды.
Сонау алыс жайлауда, отардағы
Шаттық әнін шырқайды шопан-дағы.
Қай жерінде жүрсең де қуат беріп.
От құяды ойыңа Отан таңы.
Қарсақпайда тау құйып таза мыстан,
Күлімдейді қажырлы қазақ ұстаң.
Қойның толы қазына, ырыс-байлық,
Қадірменді, кең дарқан Қазақстан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу