Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  200


Автор: Абдрахман Асылбек

Мен – Үйсінмін

Мен – Үйсінмін, қауға берсең, қауға бер,
Қанағызып, үйренгем жоқ жаулап ел.
Дауы да жоқ, жауы да жоқ, тып-тыныш,
Бауырларым, біздің асқақ тауға кел.
Мен – Үйсінмін, мал бақ десең, мал бағам,
Еш жамандық көргенім жоқ қауғадан.
Мен – Үйсінмін,Ұлы жүзбін, ұлымын,
Ұлымын деп, ұлылыққа бармағам.
Ортадан да, Кішіден де кішімін,
Ұлымын деп көрсетпеген қысымын.
Ел басына екіталай күн туса,
Екі інімнің найзасының ұшымын.
Мен – Үйсінмін, Ұлы десең, ұлымын,
Кісіліктің, кішіліктің құлымын.
Бөлінбеген еншім даяр, екі інім
Желбіретіп жетіп келсе тұлымын.
1972 ж. Мұқағали МАҚАТАЕВ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Адаммын
Адаммын 23.02.2023 21:55
Өлең вообще ұйқас емес,нау оленен уялу керек?‍♀️?‍♀️?‍♀️?‍♀️

Пікір жазу