Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  137


Автор: Абдрахман Асылбек

Момақан Ұлы жүздің баласымын

Кісінің аттамаған ала жібін,
Момақан Ұлы жүздің баласымын.
Тарайтын төрт арысты Ошақтыдан
Тасжүрек Сейіт ата саласымын.
Жетісу жеті өзеннің сағасымын,
Тікелей таныр болса – Таласымын.
Аралап ағып келем әлі күнге
Сіңіріп санама мол дала сырын.
Сұлу сөз, әділеттің сарасымын,
Бағалай білгендердің дарасымын.
Құшағым оттай ыстық барлығына,
Орта мен Кіші жүздің ағасымын.
Алдыңда ақтарылған бар асылым,
Қазақтың кең пейілді баласымын.
Қысылма, қымтырылма, қалауыңды айт,
Өзіңе бересімін, аласымын.
Кісінің керек емес ласының,
Топ-топ боп тартысатын таласының.
Отырсақ өрімдей боп, бөлінбей көп,
Жырымыз таппайды ма жарасымын.

1970 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу