👈 қаріп өлшемі 👉

  15.03.2022
  55


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Бүгінгі оқытушы басқа маман

                                                 Нұрхалық Абдырақын                                                                        Оқытушы-ағартушы.

Оқытушының міндеті- адам тәрбиелеу, оқыту. Бұл күнде жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін оқытушы бұл екі міндетінде жоғалтқан. Жыл сайын «СКОПУС, ККСОН» журналдарында мақала шығармасаң, жылдық ритінгіде баллың төмен болса ғылым докторлығың, кандидатығың, PhD докторлығың нол. Сабақ өткенге еш балл жоқ, сондықтан оқытушы өзінің шын қызметін екіші орынға сырып, амал жоқ жыл сайын мақала шығарумен қайғы.


Шетелдік ағылшын тіліндегі СКОПУС журналына мақала шығару үшін жаратылыстық, техникалық ғылымның маманы болсаң аз болсада жолың жеңіл, ал гуманитарлық мамандықтар үшін алынбас қамал. Қалай болсада мақала шығару машақаты көп, аз ақшаға түспейтін шаруа. Сол әлемдік ағылшын тілді журналдардағы мақала ел ғылымына қаншалықты өз пайдасын тигізуде ол бөлек зерделейтін мәселе. Ал ККСОН журналдары ел ішіндегі өз орны бар ғылыми журналдар, олардың өзі соңғы үш жылда талаптарын өзгерткен, онда жарты жыл, бір жыл кезек күтесің, себебі магистранттар ККСОН-ға мақала шығармаса диплом ала алмайды. (СКОПУС-қа мақала шығармаса доктранттар қорғай алмайды) жүйе осындай.


Оқытушы адам жанының ижинері. Ал бүгінгі оқытушы студенттің жанымен санаспайтын, ішкі әлеміңді сезбейтін, өзгеге ұқсамайтын әр шәкірттің ерекшелігіңді білмейтін күйге жетті, (жалпы біздің қоғам осындай күйге енген) себебі олар балл жинайды, басқада қағаз жасайды, уақыты жоқ, оны істемесе жұмыссыз қалады.


Оқытушыда да қарын бар, ол байқұстың жыл бойы ойлағаны ККСОН мен СКОПУС-қа мақал шығару, жыл бойы балл жинаудың мұңымен жүрсе, ол қайтып студентті ойлайды, қалай сабақты мейірмен шынайы күйініп өтеді...


Таза жүректі нағыз оқытушы шәкірт алдында асқақ кейіпте тұрып биік парасатпен сабақ оқытады. Біреудің алдында қайта-қайта мақаламды шығаршы деп жәудіремейді. Өзінің оқыту жұмысына берілгендер, өз ісіне адал болғандар жыл соңында баллсыз қалады. Студент білімді болса елдің келешегі нұрлы болады.


Ғылым академиясы, ғылыми институттар, зерттеу орталықтарындағы ғалымдар мақала жазу үшін отырған жоқ па? Оқыту ісімен айналысатын жоғары оқу орындарын зерттеу институты жасаймыз деп, оқытушылардың міндетін өзгерту елдің болашағына балта шабу емес пе? Кәдімгі жұмысшы араны бал жинамай шөп жина дегенге ұқсайтын сияқты.


Ал шын ғалым, дарынды оқытушыға мақала жаз демесе де уақыт тауып жазады. Барлық оқытушыны олай міндеттеуге болмайды. Сабағын өтсін, өз негізгі жұмысына жанын салсын.


Иа, жақсы оқытушы өз шәкіртіне әке де, шеше де болады. Әуелі тәрбие береді, адам жасайды, сосын елге керекті маман етіп жетістіреді. (Кешегі қаңтар  қасіретінің өзі бұны көрсетті). Тәрбиесіз берілген білім ол адамға қауіп әкеледі. Ар-ұятты, обал-сауапты білмейтін адам ғалым болса, бастық болса елге одан қауіпті кім бар?


Бұл мақаланың жазылуына тікелей себепкер болған жағдай күні кеше маған мүйзі қарағайдай ғылым докторы, профессор ағам бір мақаласын жіберіп СКОПУС не ККСОН-ға шығарсаң, болмаса күзде күн қараң деп үн қатты.....


                                                                          


                                                                                                                                          


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы