Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  415


Автор: Нұрлан Оразалин

АСПАН МЕН ЖЕР ТІЛДЕСКЕНДЕ...

«Твои уста – клад пламенных рубинов,
Мои глаза – жемчужных слез сосуд».
Рудаки
***
Таусыла жаздап жыр-шыдам,
ұстатпай қашты ұршық-ән,
ұйқымды менің алды түн,
сынаптай көзден ыршыған...
Сел-үміттерімді арқалап,
жүректі, жанды жаңқалап,
ауласын жатақхананың
кезді бір арман – нар талап.
Сағынды ма екен сан қырын,
іздеді ме екен жаңбырын;
өртеді бір ой кеудемде
Өлеңнің ыстық тандырын?!
Көзінде түннің іркіліп,
Алматы көгі сілкініп,
жаңа бір өлең түсті Айдан,
сезім боп асау, нұр-тұнық...
Самала сәуле тілді бой,
толқыдым неге мұнша мен;
толқыдым бала күнгідей,
шырылдап жүрек, жыршы-әлем?!
қараша, 1968 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу