Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  184


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖЕТІ ЕНЕ

Бұл бір шақта жаңарып көне өзегім,
Көрінеді жарқырап келешегім.
Шөл қысқанда жүгіріп жетіп еді,
Жеті тұстан жамырап жеті өзенім.
Ұрпағының тұсауын жүре кескен,
Қазақ былай дейді екен түнегі өшкен:
 “Күрең құлын қашанда жүйрік болар
Екі енені тел еміп түлеп-өскен”.
Білмеп едім, кәне, айтшы, жете нені,
Мені алысқа өр ағыс жетеледі.
Ендеше осал болуға қақым да жоқ,
Бірдей еміп Жетісу – жеті енені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу