Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  93


Автор: Рафаэль Ниязбек

ДАЛА ПЕРЗЕНТІ

Ленин орденді Бағышбек Әміреевке
...Қаншама міндет жатыр иінінде,
Асыл ой мазалайды жиі күнде.
Қырымнан қыран көзі сыр тартады,
Ол отыр құм төбенің биігінде.
Жаралған жан ғой бұ да ұлы күштен,
Жүрмейді сондықтан да тынып іштен.
Жайлауға жайып салып құтты отарын
Түнде ай,
Күндіз күннің нұрын ішкен.
Жүзіндей ақ алмастың жарқылдаған,
Бағышбек еңбек десе –
Тартынбаған.
Жаныңа шипа болар мінезімен
Даланың самалындай аңқылдаған.
Бағышбек тұла бойын нұрға малып,
Қалың ой құшағында тұр қамалып.
Қаптаған отарының бір жақ шеті
Тоқтапты сонау күрең қырға барып.
 Жонында күміс сәуле қаймақтанып,
Отары жатса солай аймақты алып.
– Баһадүр Бағышбекті көріңдер, - деп
Жүзеді көк жүзінде Ай мақтанып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу