Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  129


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚЫН АПА

Мәриям Хакімжановаға
Дала кезіп, қырқадан сыр аулаған
Көз алдыңда сол бір сәт тұр аумаған.
Жылқылы ауыл өсірген ару қыз ең
Құлын – жырын шақырып құраулаған.
Ел-жұртына асылын жиып берген,
Өлең дейтін өрмегін биікте өрген,-
Абыз жүрек ақынсың бұл күндері
Дүниенің бар сырын түйіп келген.
Жазған жырың жаныңның бар әлемі,
Жетелейді еліңнің дара өнері.
Сен емес деп, жан ана, кім айтады
Қарапайым қазақтың қара өлеңі.
Сонан, сірә, кезің көп дабыл қаққан,
Әр жырыңды тұрады қабылдап таң.
Кең даланың сен де бір өзенісің
Көкірегін қақ жарып сабырлы аққан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу