Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  97


Автор: Абдрахман Асылбек

Сен мені түсінбейсің

Сен мені түсінбейсің, түсінбейсің,
Әйтеуір түсініксіз пішімдейсің.
Өзіңді өзгелерден артық санап,
Ерекше жаратылған мүсіндейсің.
Сен мені түсінбейсің, түсінбейсің,
Әуелі мені ғана түсін дейсің.
Мен сені сүйемін ғой, сүйемін ғой,
Сол үшін неге, жаным, кішірмейсің?
Сен мені түсінбейсің, түсінбейсің,
Тек қана маған бәрін ұсын дейсің.
Бәрін де ұсынар ем қолда барын,
Алайда, айдан әрі ұшыр дейсің.
Сен мені түсінбейсің, түсінбейсің,
Табынтар таңғажайып түсім дейсің.
Бәрін де жаратушы, қаратушы
Қалайша Алла екенін түсінбейсің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу