Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  95


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚЫЗЫЛ САРБАЗ

Ұшқан оқ сарбазына дара тиіп,
Ыңырсып тарта ма екен дала күйік.
Батыс жақ қызыл қанға боялады,
Түнгі әлем шығар кезде қара киіп.
Өмірдің сүйем содан дабылдысын,
Көгіңе зымырандай ағыл құсым.
Жеңіске жетпей тегі тастамайды,
Түнгі әлем сыртқы қара жамылғысын.
Есесін көптен бергі бір-ақ алып,
Жеткендей сағасына бұлақ арып.
Түнгі әлем шұрқ-шұрқ тесіледі,
Садағын сарбаз тартса тұра қалып.
Ол солай мінеді атқа құлшынарда,
Дала боп дамылдайды тыншығарда.
Шығыс жақ қызыл тудай алаулайды,
Атойлап қызыл сарбаз –
Күн шығарда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу