Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  132


Автор: Абдрахман Асылбек

Бәрі де алда

Көктемнің күнінде
Мұңайып қалма.
Бақ қонар түбінде –
Бәрі де алда.
Кештете келемін –
Роза қолда.
Шам жағып беремін –
Бәрі де алда.
Жайласып жатамыз –
Рахат жанға.
Қызыққа батамыз –
Бәрі де алда.
Түн бойы көз ілмей,
Тұрамыз таңда.
Жан бар ма өзіңдей –
Бәрі де алда.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу