Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  309


Автор: Абдрахман Асылбек

Кешірім

Мен бірде саған қатты ренжідім,
Жаздадым ашып ала жүрек жігін.
Өзімді ақылға сап, ашуға емес,
Қайтадан тарта қойдым жүген жібін.
«Кешіргін, – десең, – Алла, кеш ұлыңды,
Күнәңді кешер Алла кешірімді.
Болса да қанша қатең, кешіреді
Анаң да аялаған бесігіңді.
Болғанда Алла – мейір, кешірімді,
Мен неге айта алмаймын шешімімді?
Не бәрі пендесімін бір Алланың,
Қатеңді кеше салсам, несі мінді?
Айтамын жан сырымды енді кімге?
Жалғыз-ақ жебеушімсің сен бүгінде.
Біріміз-бірімізге сүйеніш боп,
Жүрейік тату-тәтті кемді күнде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу