Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  97


Автор: Абдрахман Асылбек

Сен Таразға кеткенде

Тұңғиыққа сен мені
Тастап кеттің деп ұқтым.
Бір қызықты көргелі
Бастап кеттің деп ұқтым,
Деп ұқтым да деміктім.
Тәнім қалып, жанымды
Алып кеттің деп ұқтым.
Ұстай алмай барымды,
Қалып кеттім деп ұқтым,
Деп ұқтым да деміктім.
Қалтыратып қалпымнан,
Жігерімді жасыттың.
Әйтсе-дағы артыңнан
Асып-тағы, сасып-тым.
Тез жетуге асықтым.
Көріп барып өзіңді,
Түсті орнына көңілім.
Ет жүрегім езілді,
Сен екенсің серігім –
Бөлінбейтін бөлігім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу