12.03.2022
  205


Автор: Наурыз мейрамы

Наурыз айы

Наурыз айы келгенде есік ашып,
Бұл жанымыз құлпырар, көңіл тасып.
Жүрегіміз үндесіп бір арнада,
Көрісеміз бәріміз құшақтасып.

Наурыз айы той-думан, қуанышты,
Сыйластықты барша жан құп алысты.
Күн мен айдың теңесер бұл күнінде,
Реніштер мен өкпе-наз жырақ ұшты.

Наурыз айы ерекше, көңіл шаттық,
Әрбір үйді тербетіп тұрар бақыт.
Көңілдері кең дария ағайындар,
Қуанышты болсын тек әрбір уақыт!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу