Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  220


Автор: Рафаэль Ниязбек

БАУЫРЛАРЫМ МЕНІҢ

Еңбегімді жеп кетті –
Жаңатаста мені алдап бір бауырым.
Еңбегімді жеп кетті –
Қаратауда мені алдап бір бауырым.
Еңбегімді жеп кетті –
Алматыда мені алдап бір бауырым.
 Еңбегімді жеп кетті –
Астанада мені алдап бір бауырым.
Жүрегіме қадалып шегелері,
Жаным әлі қайғы да, мұң да шегер.
Бауырларым алдайды неге мені,
Еңселі елім қу түлкі тумаса егер?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу